Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбе облысында өндірісте тағы бір адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиға болды. Вагондарды тіркеу жұмыстары кезінде 33 жастағы кен жұмысшысы ауыр жарақат алған. Зардап шеккен азамат аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бұл – соңғы тоғыз күн ішінде Хромтау қаласындағы «Қазхром» компаниясына қарасты Дон тау-кен байыту комбинатында болған екінші қайғылы жағдай. 20 қазанда шахтада тау-кен қазбасын жүргізетін жұмысшы қаза тапқан еді. Оның үстіне тау жыныстары опырылып түскен. Қазір екі оқиға бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚУАНЫШ ҚАМИЕВ, МЕИ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Оқиға салдарынан жұмысшы түрлі дене жарақатын алды. Өкінішке қарай, таңғы сағат тоғыз бен онның шамасында ауруханада көз жұмды. Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының өкілдері, жұмыс беруші мен еңбек ұжымының өкілдері кірді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.