Павлодарда жеке клиника қайтыс болғандарды тіркеп, бюджеттен ақша алған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Павлодарда бақилық болғандардың атынан медициналық қызмет көрсетілген. Өңірдегі жеке клиникада дәрігерлер қайтыс болған адамдарды қабылдаған болып, мемлекетке жалған есеп берген. Емдеу мекемесі бюджеттен негізсіз қаражат алды деген күдікке ілінді. Мәселен, акушер-гинекологтың консультациясы тіпті ер адамдарға көрсетілген. Медицина саласындағы мұндай былықтар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» қаражатын тексеру кезінде әшкереленді. Қазір емдеу мекемесінің басшылығы мен дәрігерлердің іске қатысы бар-жоғы тергеліп жатыр. Келтірілген залал 15 миллион теңгеден асады.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ЭТТ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Анықталған күмәнді деректердің арасында қайтыс болған адамдарға медициналық қызмет көрсетілді деген жазбалар, ер адамдарға гинекологиялық қызмет көрсетілгені туралы мәліметтер және осы емханаға тіркелмеген азаматтарға қызмет көрсетілгені жөніндегі деректер бар. Қылмыстық іс аясында медициналық ұйымның басшылығы мен дәрігерлерінің ықтимал қатысы да тексеріліп жатыр. Қазір тергеушілер осы мекемеден медициналық қызмет алған көптеген азаматтың деректерін зерделеп жатыр».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал