Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Гонконгта 168 адамның өмірін жалмаған алапат өртке кінәлілер бір жылдан кейін ғана анықталды.
Сарапшылардың пайымынша, өрт сөндірілмеген темекі тұқылынан шыққан. Бірақ комиссия негізгі жауапкершілікті мердігерге, инспектор мен кеңесшіге жүктеді. Олар қауіпті біле тұра, тұрғындардың шағымына құлақ аспаған. Ал жөндеу кезінде құрылысшылар тез жанатын материалдар қолданған. Өрт кезінде қауіпсіздік жүйелері істен шығып, дабылдың желіден ажыратылғаны анықталды.
Еске салайық, қайғылы оқиға былтыр қарашада Тайпо ауданындағы Ванфук тұрғын үй кешенінде болды. Өрт 31 қабатты 8 үйді шарпыды. Тілсіз жауды сөндіруге 700-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.