Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы Binance хакерлік шабуылға ұшырады. 6 миллиард 300 миллион доллардың цифрлық активтері қолды болған. Бұл – орталықтандырылмаған қаржы тарихындағы ең ірі ұрлық.
Қазір компания мамандары халықаралық киберқауіпсіздік ұйымдарымен бірлесіп, шабуылдың салдарын жоюға күш салып жатыр. Хакерлер биржаның қауіпсіздік жүйесіндегі осалдықты пайдаланып, цифрлық әмияндардағы қаражатты жымқырған. Қалған активтерді қорғау және ұрланған қаражаттың ізін анықтау жұмыстары қарқын алды. Шабуылдан кейін биржа қаражат енгізу мен шығару қызметтерін уақытша тоқтатты.
BINANCE:
«Binance барлық шығынды SAFU қоры мен компанияның өз қаражаты есебінен толық өтейді. Пайдаланушылардың қаражаты қауіпсіз. Депозит салу операцияларына бұл оқиға әсер еткен жоқ, олар әдеттегі режимде жалғасып жатыр».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.