Астанада қуаты 100 мегаватқа жететін деректер орталықтары салынады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда жасанды интеллектіні дамыту үшін қуатты деректерді өңдеу орталықтарының желісін салу жоспарланып отыр. Жобаны Freedom компаниясы америкалық NVIDIA компаниясымен және Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп жүзеге асырады.
Болашақ инфрақұрылымның жалпы қуаттылығы 100 мегаватқа дейін жетуі мүмкін. Деректерді өңдеу орталықтары Астанада, оның ішінде Деректерді өңдеу орталықтары алқабының аумағында орналастырылады. Қазір дайындық кезеңі аяқталды. Мамандар тобы жасақталып, жобаның экономикалық есептеулері жүргізілді және жабдық жеткізушілер анықталды. Компания бірнеше жүздеген жоғары өнімді серверге алғашқы тапсырысты рәсімдеуге кірісті. Бұл жабдықты сатып алуға жүздеген миллион доллар инвестиция құйылады.
РЕНАТ ТУКАНОВ, CTO FREEDOM HOLDING CORP., CEO FREEDOM AI:
— Біз жобаны жүзеге асыру үшін қажетті мамандар тобын жасақтадық. Техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп, жобаның экономикалық көрсеткіштерін есептедік. NVIDIA компаниясымен және жабдық жеткізушілермен келіссөздер жүргіздік. Біздің конкурсқа 16 компания қатысты. Қазір жеткізушілерді таңдап қойдық.

ТЕМІРЛАН ЗИНАЛАБДИН, FREEDOM CLOUD ДИРЕКТОРЫ:
— Бірінші кезекте физикалық қауіпсіздікке баса назар аударамыз. Барлық жабдық ақауларға төзімді инфрақұрылымға орналастырылады. Біз деректерді өңдеу орталықтары мен олардың архитектурасын жүйеде іркілістер болмайтындай етіп жобаладық. Сол үшін NVIDIA компаниясының эталондық архитектурасын пайдаланамыз. Бізде ақпараттық қауіпсіздікке жауап беретін арнайы ішкі команда бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал