Анкарада «Түркі әлемі аллеясы» салтанатты түрде ашылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитінің ашылу рәсіміне қатысу үшін «Кулие» сарайына барды. Мемлекет басшысын Түркия Вице-президенті Джевдет Йылмаз қарсы алды. Одан кейін саммитке қатысушы мемлекеттердің басшылары Бештепе саябағына барып, «Түркі әлемі аллеясының» салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Онда ұлттық павильондар орналасқан мәдени көрме ұсынылды.
Қазақстан бөлімінде қонақтар Ұлы Даланың бай тарихымен танысты: атап айтқанда, мұнда дәстүрлі киіз үйдің ішкі көрінісі және «Сақ аңшысы» атты мүсіндік композиция қойылды. Көрмені аралап болған соң, мемлекеттер басшылары «Түркі әлемі аллеясының» ашылу рәсіміне барды. Онда әрбір көшбасшы, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев та жеке өзі жас ағаш отырғызды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал