Қазақстанда ұшақ бортында Wi-Fi іске қосылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Енді жолаушылар үшін интернет әуеде де қолжетімді. Бүгін Алматы – Ташкент бағытына спутниктік интернет орнатылған алғашқы рейс аттанды. Бұл – жоғары жылдамдықтағы Wi-Fi. Жоба халықаралық SES спутниктік операторымен бірлесіп, Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Енді келер жылдың 31 қаңтарына дейін интернет барлық жолаушыға тегін таратылады. Ал 1 ақпаннан бастап Wi-Fi желісіне тегін қосылу мүмкіндігі тек бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының Gold және Diamond деңгейіндегі мүшелеріне ғана сақталады. Қалған жолаушыларға интернет ақылы негізде болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал