Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебіндегі жаппай уланудың жаңа мән-жайы белгілі болды. Санэпидемиологтар асханадағы тағамдар мен ыдыстардан ішек таяқшасын, ал төрт қызметкерден алтын түсті стафилококк анықтады. Мамандар мәзірдің сәйкес келмеуін және азық-түлікті сақтау ережелерінің бұзылғанын әшкереледі. Анықталған кемшіліктерден кейін мектеп асханасының қызметі 60 күнге тоқтатылды. Сондай-ақ жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар полицияға жолданды. Қазір инфекция оқшауланып, ауруханаға түскен 58 баланың барлығы үйлеріне жіберілді. Оқу орнында дезинфекция жұмыстары жалғасуда. Сондықтан екінші тоқсанда бұл мектеп оқушылары уақытша қашықтықтан оқиды.
ГАУХАР КАТКЕНОВА, СЭБ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Зертханалық зерттеулерге алынған тағам сынамаларынан бактериялық ластану фактілері анықталды. Сонымен қатар бактерия тасымалдаушылыққа тексерілген персоналдың арасынан төрт адамда патогендік стафилаккоктың тасымалдаушылығы анықталды. Олар жұмыстан уақытша шеттетілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.