Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстанда шетелдік азаматтар, соның ішінде ЕАЭО елдерінің тұрғындары үшін визасыз кіру ережелері өзгереді. Үкімет қаулысымен міндетті алдын ала электронды рұқсат енгізіледі. Шетелдік азамат сапарға шығудан кемінде үш тәулік бұрын арнайы қосымша арқылы өтінім беріп, растаушы QR-код алуы қажет. Жүйе кезең-кезеңімен енгізіледі.
1 қарашадан бастап электронды рұқсаттар Ақтау әуежайында және төрт автомобиль өткізу пунктінде тексеріле бастайды. Ал қаңтардан бастап Астана мен Алматыда, наурызда бүкіл ел бойынша қолданысқа енеді. Өтпелі кезеңде шекарадан ешкімді кері қайтармайды, мамандар тек түсіндіру жұмыстарымен шектеледі. Бұл талап келесі жылдың шілде айынан бастап міндетті болады. Кіруге арналған электронды рұқсатты QazETA қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады. Айта кетейік, оны жүктеп алу мүмкіндігі қазірдің өзінде қолжетімді.
ЖАННА ЕРЖАНОВА, ЗАҢ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— QazETA рұқсатын тек мобильді қосымша арқылы алуға болады. Ол тегін, рұқсат алу да тегін. Елге кіруге өтінімді келуден кем дегенде 72 сағат бұрын беру қажет. Бұл 15 минуттан 30 минутқа дейін уақытты алады. Осыған ұқсас жүйелер басқа елдерде де бар. Мысалы, Кореяда жұмыс істейді. Сондай-ақ Ресейде ұқсас қосымша бар. Онда да визасыз режиммен келетін азаматтардан елге кіруден 72 сағат бұрын арнайы рұқсат алу талап етіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.