Астанада ТМД елдері көші-қон қауіпсіздігін талқылады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада ТМД елдерінің өкілдері көші-қон қауіпсіздігі мәселелерін талқылады. Бұл – заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі бірлескен комиссиясының 29-шы отырысы. Халықаралық кездесуге достастыққа мүше жеті мемлекеттің құқық қорғау органдары, көші-қон қызметтері мен бейінді ведомстволары, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитеті мен қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің өкілдері қатысты. Жиында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, көші-қон бақылауын жетілдіру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне баса назар аударылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал