Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Енді жолаушылар үшін интернет әуеде де қолжетімді. Алматы – Ташкент бағытына спутниктік интернет орнатылған алғашқы рейс аттанды. Бұл – жоғары жылдамдықтағы Wi-Fi. Жоба халықаралық SES спутниктік операторымен бірлесіп, Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Енді келер жылдың 31 қаңтарына дейін интернет барлық жолаушыға тегін таратылады. Ал 1 ақпаннан бастап Wi-Fi желісіне тегін қосылу мүмкіндігі тек бизнес-класс жолаушылары мен Nomad Club бағдарламасының Gold және Diamond деңгейіндегі мүшелеріне ғана сақталады. Қалған жолаушыларға интернет ақылы негізде болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.