«Әділет» партиясы отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін қайта қарауды ұсынды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

«Әділет» партиясы отандық өндірушілерді қолдау тетіктерін қайта қарауды және ірі тапсырыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуді ұсынады. Бұл бастамалар партияның Өңдеу өнеркәсібі жөніндегі салалық кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды. Партия төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев кәсіпкерлердің мәселесін шешу үшін Үкіметпен бірлесіп нақты шешімдер қабылдау қажеттігін айтты.
Негізгі ұсыныстардың бірі – тауар өндірушілер тізімін реформалау және өнім сұранысын алдын ала болжау жүйесін құру. Осы мақсатта ірі тапсырыс берушілердің 3-тен 5 жылға дейінгі қажеттіліктерінің цифрлық картасын әзірлеу және ұзақ мерзімді келісімшарттарды енгізу көзделіп отыр. Отырыста машина жасаушылар одағы мен тас өңдеу саласы одағының басшылары да заңнамалық талаптарды орындау мен жергілікті қамту міндеттемелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді ұсынды.
ҚАНАТ ИБРАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ІК САЛАЛЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
— Бізде төрт бағыт бар. Біріншісі – ағымдағы мәселелер, яғни нақты кәсіпорындар үшін әкімшілік кедергілерді жою. Екіншісі – заңнамалық бастамалар, яғни Құрылтай депутаттарымыз үшін сараптамалық-конституциялық құжаттар әзірлеу. Үшіншісі – мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу, нақтырақ айтқанда, қазақстандық өндірушілерді қолдау үшін қандай да бір тұжырымдамалық шешімдер қабылдауға ықпал ету. Сонымен қатар салалық басқармаларға талдау жасағаннан кейін, кооперациялық тізбектерді дамыту бойынша пилоттық жоба әзірлеуді жоспарлап отырмыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал