Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы облысында арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту жоспарланып отыр. Өңірде тағы бес мемлекеттік мекеме салу көзделген. Қонаев қаласында алдағы жылы 500 орындық жаңа үлгідегі мамандандырылған мектеп кешені салынады. Онда зияткерлік даму ерекшеліктері бар балалар қабылданады. Облыста алты мыңнан астам бала арнайы және инклюзивті білім алады. Өңірде оларға арналған 30-дан астам бейінді мекеме жұмыс істеп тұр. Соған қарамастан арнайы білім беру ұйымдарының тапшылығы әлі де өзекті. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамытып, бейінді мамандар тапшылығын шешу қажеттігін атап өткен болатын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.