Вагон үстіне шығып, тоққа түскен бала жансақтау бөлімінде жатыр | 30.10.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

ТОҚ СОҚТЫ
Ақмола облысында вагонға өрмелеген жасөспірімді жоғары кернеулі тоқ соқты. Денесінің 70 пайызын күйік шалған 15 жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға Шортанды станциясында болды. Вагон төбесіне шыққан тағы бір баланың жағдайы қалай?

КЕНШІ ҚАЗАСЫ
Ақтөбе облысында кенші қаза тапты. Ол зат тиелген вагондарды тіркеп жатқанда мертіккен. Жұмысшы дереу ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бұл – соңғы тоғыз күн ішінде кен байыту комбинатында болған екінші қайғылы жағдай.

СТАФИЛОКОКК АНЫҚТАЛДЫ
Асханананың 4 адамынан алтын түстес стафилококк анықталды. Олар – Алматыдағы республикалық физика-математика мектебінің қызметкерлері. Бұған дейін ол жақтан тамақтанған 58 оқушы ұшынып, ауруханаға жатып шыққан.

ХАКЕРЛІК ШАБУЫЛ
Әлемдегі ең ірі Binance криптобиржасы тоналды. Хакерлер цифрлық әмияннан 6,3 млрд долларды үптеп кеткен. Бұған электронды жүйе арқылы қомақты табыс тауып отырған трейдерлер қобалжулы. Ал Қазақстандағы крипто жүйе қаншалықты қорғалған?

ҰШАҚТАҒЫ WI-FI
Енді ұшақта жоғары жылдамдықты Wi-Fi жұмыс істейді. Бортында спутниктік интернет орнатылған алғашқы рейс Алматыдан Ташкентке аттанды. Жоба Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал