АҚШ-тың Флорида штатында жеке ұшақ апатқа ұшырап, борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты.
Learjet ұшағы Палм-Бич округіндегі тұрғындар тұратын ауданға құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі Техас штатындағы Остин-Бергстром халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Багам аралдарына бағыт алған. Ұшақ күрт оңға бұрылып, шамамен 2 400 метр биіктіктен төменге құлдилай бастаған. Құлар алдында ағашқа соғылып, электр желілерін үзген. Әлеуметтік желілерде апат сәті түсірілген бейнежазба тарады. Кадрлардан ұшақтың жерге құлап, отқа оранғанын көруге болады. Оқиға орнында құтқарушылар мен АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің мамандары жұмыс істеп жүр. Апаттың себебебі әзірге белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
