Дәрігердің жағасынан алды. Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде науқастың әкесі хирургқа тап беріп, алқымынан қылқындыра ұстаған. Ашуға булыққан ер адам тіпті дәрігерге жұдырық ала жүгірген. Оны әріптестері әрең дегенде арашалап қалды. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, дәрігер баланы тексеріп, ауруханаға жатқызуға негіз жоқ екенін ғана түсіндірген. Алайда бұл жауапқа ашуланған тұрғын аяқ астынан үстелді теуіп, дәрігерге тап берген. Оқиға орнына полиция шақырылды. Шабуылға ұшыраған дәрігер қайтадан жұмысқа шығып, кезекшілігін атқарып жатыр. Ал полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айта кетейік, медицина қызметкеріне шабуыл жасаған адам біздің елдің заңы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: