Алматы тауларында адасып кеткен қызды құтқарушылар аман-есен тапты.
20 жастағы бойжеткен Горельник шатқалына серуендеуге шығып, кері қайтар жолды таба алмай қалған. Оқиға Медеу ауданында, теңіз деңгейінен шамамен 1900 метр биіктікте болған. Қыздың әпкесі құтқарушыларға хабарласып, сіңлісінің жоғалғанын айтқан. Соңғы рет тіркелген координаттарын да туыстары берген. Іздеу-құтқару жұмыстарына шыққан мамандар бойжеткенді көп ұзамай тауып алды. Кейін оны Горельник визит-орталығына дейін аман-есен жеткізді. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: