Ел Президенті «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бөлінетін бюджет қаражатын қадағалайтын арнайы мемлекеттік комиссия құруды ұсынды. Комиссия 2029 жылдың соңына дейін Ұлттық қордан бөлінетін шамамен 6,5 триллион теңгелік қаржының ашық әрі тиімді жұмсалуын қалт жібермей назарда ұстауы қажет. Оның құрамына салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелер, қоғам қайраткерлері мен белсенділер, волонтер, журналист кіреді.
Еске салайық, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялады. Бағдарлама аясында бүкіл ел бойынша әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым-жол, әуежай, аялдама, денсаулық сақтау мекемесі, мектеп, спорт кешендері мен оңалту орталықтары салынып, жаңғыртылады. Осы мақсатқа жұмсалатын бюджет қаражатынның мақсатты жұмсалуы үшін арнайы комиссия жұмыс істейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
