Ташкентте халықаралық футбол турниріне барған қазақстандық жас спортшылар жаппай ауруханаға түсті. Dostlik Cup 2026 жарысына қатысу үшін Өзбекстанға барған Қарағандының жас футболшылары қонақ үйдегі таңғы астан кейін жаппай сырқаттанған.
Алғашқы мәлімет бойынша, қазақстандық спортшылардың іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Ауруханаға түскендердің саны 17 адамға жеткен. Оның 11-і – бала, ал алтауы – ересек адам. Ата-аналардың айтуынша, балалардың жағдайы 31 қазанда таңғы астан кейін нашарлаған. Жағдайдың нақты себебі зертханалық сараптамадан кейін анықталады. Қазір барлық науқас Өзбекстандағы медициналық мекемелерде ем алып жатыр.
ДИНАРА ЗӘКИЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
«Өзбекстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей және бас жаттықтырушымен тұрақты байланыстамын. Облыстан жарысқа барлығы 60 бала, 32 ата-ана және 4 жаттықтырушы барған. Қазіргі уақытта 11 бала Ташкент қаласындағы ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Ауруханадағы балалар толық сауығып кеткенше Өзбекстанда қалады. Ал қалған балалар ата-аналарымен бірге бүгін Қазақстанға қайтады».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
