Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде науқастың әкесі хирургқа шабуыл жасап, жағасынан алды. Ашуға булыққан ер адам дәрігерді алқымынан қылқындырып, жұдырық ала жүгірген. Оқиға кезінде дәрігерді әріптестері әрең дегенде арашалап қалды. Аурухана қызметкерлерінің сөзінше, хирург баланы тексеріп, оны ауруханаға жатқызуға әзірге негіз жоқ екенін түсіндірген. Алайда дәрігердің жауабына ашуланған тұрғын аяқ астынан үстелді теуіп, ақ халаттыға тап берген. Оқиға орнына полиция шақырылды. Шабуылға ұшыраған дәрігер қазір қайтадан жұмысқа кірісіп, кезекшілігін жалғастырып жатыр. Ал полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Айта кетейік, қол көтерген азамат қолданыстағы заңнамаға сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: