Қайғылы тізбек. Ақмола облысында үсті-үстіне соғылған жол апаты болды. Алдымен «Toyota Camry» көлігін тізгіндеген жүргізуші жол жиегіндегі қоршауға соғылды. Артынша оған тағы бір жеңіл көлік кіріп кеткен. Соңынан келе жатқан «Chevrolet Cobalt» тоқтай алмай, ол да төңкерілді. Оның үстіне қатты жылдамдықпен қытайлық «Geely» маркалы авто соғылған. Жолға шығып кеткен екі адам тірі қалмады. Тағы бес адам түрлі жарақатпен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда сол жерде басынан жарақат алған тағы бір ер адам көз жұмды.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Астана – Петропавл автожолында болған жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Апат салдарынан екі адам оқиға орнында, тағы бір адам ауруханада көз жұмды. Зардап шеккендер бар.

ТОРҒАЙ СӘДУАҚАСОВА, БАС ДӘРІГЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жол апатынан кейін ауруханаға төрт адам жеткізілді. 1969 жылы туған науқас ес-түссіз жеткізілді. Екінші науқас хирургия бөліміне жатқызылды. Ал 2001 және 2003 жылы туған екі науқас стационарлық емдеуді қажет етпегендіктен, амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: