Жүк салғыштан салбыраған қол. Қанға боялған әйнек. Алматылық тұрғындарды мына көрініс шошытты.
Алматы көшелері қорқынышты фильмнің түсірілім алаңына айналғандай. Бірақ бұл кадрде қылмыскерлер емес, Хэллоуинге ерекше дайындалған жүргізушілер жүр. Бірі көлігін қан-қан етіп бояса, енді бірі жүксалғышында жасанды қол мен аяқты салбыратып жүр. Алайда жұрттың үрейін тудырған қалжыңның жазасы бар.
Тәртіп сақшылары көлік көзғалысына қауіп төндірген көлік иелеріне ескерту жасады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабында көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жаза қарастырылған. Яғни көлігін безендіру кезінде жол ережесі бұзылса, жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Қозғалыс ережесіне сәйкес, көлікке орнатылған немесе тиелген зат жүргізушінің жолды көруіне кедергі келтірмеуі тиіс. Сондай-ақ, көлікті басқаруды қиындатпауы керек. Мемлекеттік нөмір мен жарық шамын жақпауы және айналадағы адамға қауіп төндірмегені жөн».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
