400 миллион теңге айналым. Ақтөбеде есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлем қабылдаған қылмыстық топ әшкереленді. Тергеу дерегінше, олар әлеуметтік желіде валюта айырбастайтын топ құрып, оған жеті сыбайласын тартқан. Олар тәулік бойы төлем қабылдап, ақша аударып отырған. Есірткі дүкендерінің операторлары сатып алушыларға ақшаны осы айырбастау қызметі арқылы аударуды ұсынған. Төлем расталған соң, клиенттерге есірткі жасырылған орынның координаттарын жіберген.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Айырбастау тобы күн сайын 50-ден 70 ке дейін төлем операциясын жүргізген. Ақша қабылдау үшін өзге адамдардың дропперлердің атына ашылған 22 банк картасы пайдаланылған. Кейін түскен ақшаны криптовалютаға айырбастап, есірткі саудасын басқаратын адамдардың бақылауындағы криптоәмияндарға аударып отырған. Аударылған ақшаның сомасы 918 мың доллардан асады. Бұл 400 млн теңгеден астам сомаға тең. Қылмысты ұйымдастырған адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
