Президент Жолдауындағы бастамаларды жүзеге асыру. Инфрақұрылымдық жобаларды бақылау, бизнесті қолдау және азаматтардың құқығын қорғау. «Әділет» партиясының кеңейтілген актив отырысында алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.
Жиында партия алдағы бір айда еліміздің барлық өңірінде 3 мыңнан астам іс-шара өткізуді жоспарлап отырғаны айтылды. Сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен жол құрылысына қоғамдық бақылауды күшейту, жаңа заңнамалық бастамаларды әзірлеу міндеттері қойылды. Ал негізгі мақсат – Президент тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етіп, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосу.
АЙБЕК ДӘДЕБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Ең бастысы, құрылыс жұмыстары халықтың нақты қажеттіліктеріне сай жүргізілуі керек. Сондықтан тұрғындардың ұсыныстарын жинап, жобаларды жоспарлау және іске асыру барысында ескеруіміз керек. Сонымен қатар партия жанынан партиялық бақылау комитеті құрылып, оның өңірлік және аумақтық комиссиялары жұмысын бастады. Құрылыс нысандарында партиялық бақылау бекеттерін ашып, олардың жұмысын жүйелі жолға қоюымыз керек. Бірақ кедергі де жасамау керек құрылысқа.

ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ, «ӘДІЛЕТ» ПФ МҮШЕСІ:
— Мемлекет басшысы Жолдауында қолданыстағы азаматтық кодекстің нарықтық экономиканың құқықтық негізін қалыптастырудағы тарихи рөліне тоқтала келе, соңғы 30 жылдағы экономикалық және технологиялық өзгерістерді ескере отырып, жаңа кодекс қажеттігін айтты. Аталған тапсырма азаматтық заңнамаға, жекелеген түзетулер енгізумен шектелмей, оны кешенді түрде жаңартуды көздейді. Мұның негізгі мақсаты – азаматтар мен бизнестің құқытарын сенімді қорғап, экономиканың, соның ішінде цфирлық экономиканың дамуына берік құқықтық негізді қалыптастыру.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: