Алты баланың әкесінің басынан өткен сын. 4 жыл үзіліссіз төлеген несиесін жұмыссыз қалған соң қалай реттеді? Мамандардың маңызды кеңесін ұсынамыз.
Әртүрлі жағдайлармен банктен несие алып, өтей алмаған жандар баршылық. Солардың бірі – Шымкенттік Ербол Әбдіхалықов. Алты баланың әкесі, тепсе темір үзетін азамат, 4 жыл бойы үзіліссіз өтеп келген қарызын аяқ асты жұмыссыз қалып қиындыққа тап болған. Осы сәтте «Қарызсыз қоғамнан»қолдау тапқан.
ЕРБОЛ ӘБДІХАЛЫҚОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— 5 жылдан бері екі банкке де бардым. Бір-біріне сілтеп, графикке қойып бермеді. Солай жүргенде инстаграм желісінен «Қарызсыз қоғам» жобасын көріп қалдым. Олар тегін қызмет етіп жатыр. Несие алып, қиналып жатқан жандарға кеңес береді. «Қарызсыз қоғам»сияқты жобалар көп болса екен.

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының бірі. Осы жоба іске қосылғалы қанша қиналған жан қолдау көрдік деп отыр. Көпбалалы ана Үрзада Сапарова да тіпті 20 жылдан аса уақыттан бері қордалып кеткен қарыздан құтылудың жолын осы жоба арқылы тапқан.

ҮРЗАДА САПАРОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
— 500 мың теңге несие алғанмын. Отбасылық жағдайыма байланысты төлей алмай қалдым. Проценті осы уақытқа дейін 1 млн 535 мың теңге болып өсіп кетті. Сосын көмек сұрап біраз жердің есігін қақтым, еш жерден көмек болмады. «Әділет» партиясына бардым. Олар көмектесіп, документтерімнің дұрыс екенін айтты. Бір ай үш күнде шешілді.

Қиналғанға қол ұшын беріп, жол көрсететін «Қарызсыз қоғам» жобасы жайлы айтар болсақ, жобаның алғашқы байланыс желісінде жергілікті атқарушы органдардың 200-ге жуық қызметкері жұмыс істейді. Мамандар несиесі бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға хабарласып, қарызды қайта құрылымдау бойынша көмекке мұқтаж адамдарды анықтайды. Бүгінгі күнге дейін жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері 436 мыңнан астам азаматқа хабарласқан. Олардың 80 мыңнан астамы кеңес алу және әрі қарай сүйемелдеу үшін жобаның орталық байланыс орталығына жолданды. Қазіргі уақытқа дейін 51 мыңнан астам азамат заңгерлік көмек алған.

БЕЛЛА ЧЕКАНОВА, ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНЫ:
— Иә, біз партиямен 3 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз – қаржылық сауаттылықты арттыру. Одан бөлек қаржылық мәселелер бойынша туындаған мәселелерін шешу.
Мұндағы мамандар егер қаржылық мәселелер туындаған болса қарыз берушілерден қашпай оларға жүгініп растайтын құжаттарыңызды беріп жүгінсеңіз болады. «Максималды түрде қанша төлей аласыз немесе жұмыстан айырылсаңыз, оның өзінің заңдылықтары бар», — дейді мамандар. Ал «Қарызсыз қоғам» жобасының мамандары қарыз мәселесін шешу үшін кешенді жұмыс жүргізеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: