Ертіс өзеніне 22 мыңнан астам Сібір бекіресінің шабағы жіберілді. Мұндай жұмыс «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілді. Негізгі мақсат – бағалы балықтың популяциясын сақтап, су биоресурсын молайту. Ертіске жіберілген шабақтың 8 мыңнан астамы – бір жылдық, қалған 14 мыңы биыл өсірілген шабақ. Сібір бекіресі – табиғи популяциясын сақтауды қажет ететін бағалы балық түрі.
Айта кетейік, Абай облысындағы балық қорын молайту жұмысы 2023 жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді.
БАЯН ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫН БАС МАМАНЫ:
— Ертіс бассейіндегі балық популяциясын толықтыру мақсатында Жаңа Семей ауданының Крупская ауыл аймағында жүргізілді. Аталған аумақта су айдынына Сібір бекіресінің 22 мыңнан астам шабағы жіберілді. Жіберілген сібір бекіресі шабақтарының 8 300-і – салмағы кемінде 150 грамм болатын 1 жылдық балықтар, ал 14 000-ы – әрқайсысының салмағы кемінде 20 грамм болатын 1 жаздық шабақтар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
