СПОРТШЫЛАР УЛАНДЫ
Ташкенттегі төтенше жағдай. Халықаралық турнирге қатысуға барған 15 қазақстандық футболшы уланып, ауруханаға түсті. Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауға алды. Жас спортшылардың жағдайы қалай?
ТӨРТ КӨЛІК ТҮЙІСТІ
Қайғылы тізбек. Ақмола облысында төрт көлік түйісіп, үш адам қаза тапты. Бес адам түрлі жарақатпен Бұланды аудандық ауруханасына жатқызылды. Жол ортасындағы қайғылы жағдайдан тағы не белгілі?
ДӘРІГЕРГЕ ШАБУЫЛ
Түн ұйқысын төрт бөлген дәрігердің қауіпсіздігі қашан сақталады? Ақтауда баланы ауруханаға жатқызуға негіз жоқ деген хирургті әкесі ұрып-соқты. Таяқ жеген дәрігер жұмысын жалғастыруға мәжбүр болған.
ҚАУІПТІ ҚАЛЖЫҢ
Жүк салғыштан салбыраған қол. Қанға боялған әйнек. Алматылық тұрғындарды шошытқан көріністің артында не тұр? Құбыжық көлік иелері әзірге ескертумен құтылды. Тәртіп сақшылары оларға алғаш рет кешіріммен қарады.
ИНТЕРАКТИВТІ ТРЕНАЖЕР
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мұғалімі ерекше балаларға арналған интерактивті тренажер ойлап тапты. Виртуалды робот есептің шартын дауыстап оқып, математикалық амалды түсіндіреді. Жаңалықтың сыры қандай?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
