Жамбыл облысында жасөспірім құрдасынан таяқ жеп, есінен танып қалды. Оқиға Бірлесу-Еңбек ауылындағы жергілікті клубтың маңында болған. 11-сынып оқушысы 9-сынып оқушысының кеудесінен жұдырықпен ұрған. Дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр деп отыр. Миы мен өкпесі ісініп, қазір ес-түссіз жатыр. Тасымалдауға болмайтын жағдайға жеткен. Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеуді облыстық полиция департаменті басшылығы бақылауға алды, — дейді Жамбыл облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Оспанов.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
