Өзбекстанда халықаралық турнирге барып, уланып қалған қазақстандық спортшылардың жағдайы тұрақты. Қазір инфекциялық ауруханада 11 бала мен 3 ата-ана ем қабылдап жатыр. Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің мәліметінше, науқастар дәрігердің бақылауында.
Естеріңізге сала кетейік, 31 қазан күні қонақүйдегі таңғы астан кейін жас спортшылардың іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Бір тәулік ішінде 15 бала сырқаттанған. Олардың нақты неден ауырғаны әзірге белгісіз. Ата-аналар тағамнан улануы мүмкін деп болжап отыр. Ауруханаға түскен балалар құлан таза толық айыққанша Өзбекстандағы емдеу мекемесінде қалады. Ал жарысқа келген өзге қатысушылар елге қайтып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
