Шұңқырды балшықпен толтырған. Жетісу облысының Алакөл ауданында ерекше жол жөндеу жұмысын жергілікті тұрғындар көріп қалды. Бұл – Арқарлы ауылына апаратын жол. Жұмысшылардың ой-шұңқырға топырақ толтырып жатқанын көрген тұрғын аң таң болды. Ол асфальт орнына төселген топырақ жаңбырда езіліп, көліктер белшеден балшыққа бататынын айтып отыр. Әлеуметтік желіде тараған бұл видеоны көргендер де таңданысын жасырмады. Бұл әдіс жол жөндеу технологиясына сәйкес келе ме, жүргізушілер үшін қауіп тудырмай ма деген көптеген пікір айтылған. Өйткені Алакөл ауданының жолдарын жөндеуге 3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған екен. Жауапты қызметтегілер дәл осы жолға қаржы келер жылы бөлінетінін айтып отыр.
АЙДОС ДОСЖАНОВ, ЖКАЖ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Ағымдағы жылы аталған жолдың 39-шы шақырымы мен 59-шы шақырымы аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жетісу жол құрылыс» ЖШС -мен келісімшартқа отырдық. Алайда бюджет қаражаты 2027 жылға қарастырылған. Жолда пайда болған ақаулар, ой-шұңқырлар мен жол кедергілерін жою үшін мердігер мекемеге тиісті тапсырма берілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
