Шымкентте әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, қала көшелерінде жарыс ұйымдастырған екі жүргізуші жауапқа тартылды. Toyota Camry көліктерін тізгіндеген 20 жастағы екі азамат жол ережесін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасаған. Құқық бұзушылықты камераға түсіріп, тікелей эфирде көрсеткен. Полиция оларды көп ұзамай анықтап, екі көлікті де айыптұраққа қойды.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ ҚАУІПТІ ЖАРЫС
ШЫМКЕНТ

ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
– Түнде көшелерді жарыс алаңына айналдырған жүргізушілердің әрекеті әлеуметтік желідегі тікелей эфирден анықталған. Екі Toyota Camry иесі көлік жылдамдығын арттырып, қауіпті маневрлер жасаған. Мұндай әрекетімен олар өз өміріне ғана емес, жолдағы басқа жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге де қауіп төндірген. Полиция әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында бейнежазбаны байқап, көлік жүргізушілерін жедел ұстады. Осындай жағдай Түркістан облысында да тіркелді. Мұнда әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан бір емес, бірден бірнеше жүргізушінің жол ережесін өрескел бұзып, қауіпті маневр жасағаны анықталды.

ГҮЛНАР АБДУЖАППАРОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
– Тексеру барысында кейбір автокөліктерге заңсыз стробоскоптар орнатылғаны, ал бірқатар жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарғаны белгілі болды. Барлық жүргізуші полиция басқармасына жеткізіліп, анықталған құқықбұзушылықтар бойынша ӘҚБтК тиісті баптарымен 10-нан астам әкімшілік іс рәсімделді. Ал автокөліктер айыптұраққа қойылды.

ГҮЛДАНА СЕЙДРАСҰЛ, ТІЛШІ:
– Полиция құқық бұзған 6 жүргізушіні де анықтап, оларға қатысты 14 әкімшілік хаттама толтырды. Тексеру кезінде кей кейбір көліктің мемлекеттік нөмірсіз жүргені белгілі болған. Барлық автокөлік айыптұраққа қойылды. Құқық қорғаушылар жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтап, қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: