Трамптың резиденциясы маңында апатқа ұшыраған бизнес-джеттің екінші пилоты небәрі 20 жастағы бойжеткен болып шықты. Техас штатындағы Остин-Бергстром халықаралық әуежайынан Багам аралындағы әуежайға бағыт алған. Алайда Крестхейвен қаласының маңында апатқа ұшырап, борттағы тоғыз адамның бәрі қаза тапты. Желіде тараған бейнежазбаларда ұшақ жоғары жылдамдықпен тік құлдилап, жерге соғылды. Соққыдан жойқын жарылыс болып, адам көп жүретін жолдың маңында жалын лап етті. Ал апат алдында экипаж диспетчерге әуе кемесінің орташа деңгейдегі турбуленттілікке тап болғаны және мұздануы туралы хабарлаған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: