Қазақстандық чемпиондар әскери міндеттен босатылмайды. Заңға сәйкес, 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар әскери боырышын кейінге қалдыруға немесе босатуға негіз болмаса, сарбаздар қатарында сап түзеп тұруы тиіс. Спорттағы дағдысын жетілдіру қарастырылған. Кез келген шымыр жігіт Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубында күнделікті жаттығуын жалғастыра алады. Тіпті халықаралық жарыстарға қатысуға да мүмкіндігі бар. Айталық, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әзірге студент мәртебесіне байланысты әскерге шақыруды кейінге қалдыру құқығын пайдаланып отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
