Жамбыл облысында жасөспірім құрдасынан таяқ жеп, есінен танып қалды. Оқиға Бірлесу-Еңбек ауылындағы жергілікті клубтың маңында болған. 11-сынып оқушысы 9-сынып оқушысының кеудесінен жұдырықпен ұрған. Дәрігерлер зардап шеккен баланың жағдайы өте ауыр деп отыр. Миы мен өкпесі ісіп кеткен. Қазір ес-түссіз жатыр. Сырқатты әрі-біре тасымалдауға болмайды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеуді облыстық полиция департаментінің басшылығы тікеелй бақылауға алды.
ӘСЕТ ОСПАНОВ, ОБЛЫСЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталдып, полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала анықталғандай бұрыннан таныс екі жасөспірімнің арасында жанжал туындап, оның барысында бірі екіншісіне соққы жасаған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Тергеу барысы Жамбыл облысы ПД басшылығының бақылауында.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: