Ақтауда хирургке шабуыл жасаған пациенттің әкесі дәрігерді арандатты дегенге әзірге ешқандай дәлел жоқ. Үкіметтегі брифингте Денсаулық сақтау министрі осылай деп мәлімдеді. Ақмарал Әлназарова егер тергеу барысында дәрігердің кінәсі анықталса, оған да тиісті шара қолданылады деді. Жанжалдың нақты мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Оқиға 31 қазанда Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде болған еді. Баланың әкесі хирургтың жағасынан алып, оған шабуыл жасаған. Ол сәт бейнекамераға түсіп қалған. Ер адам дәрігер ұлындағы соқырішекті дер кезінде анықтамай, тиісті көмек көрсетпеді деп айыптаса, хирург баланың барлық қажетті тексеруден өтіп, медициналық көмек алғанын айтқан.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
— Балада аппендицит болған. Тиісті ота жасалды. Екі күннен кейін ата-анасы ем қабылдаудан бас тартып, баланы алып кетеді. Одан кейін тағы түседі. Түскеннен кейін бір тәулікке жетпей екінші рет алып кетеді. Сөйтіп, үшінші рет бала келіп, ауырсынып, температурасы көтеріліп, жылағаннан кейін осындай жағдай болған. Екі жақтан да кінәлары дәлелденсе жауапқа тартылады. Екінші жағынан, ата-ананың да жауапкерішлік мәселесі назардан тыс қалмауы керек. Дәрігердің немқұрайлы қарағаны дәлелденсе, заң аясында қаралатын шаралары бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: