Шұңқырды балшықпен толтырған. Жетісу облысының Алакөл ауданында ерекше жол жөндеу жұмысын жергілікті тұрғындар көріп қалды.
Бұл – Арқарлы ауылына апаратын жол. Жұмысшылардың ой-шұңқырға топырақ толтырып жатқанын көрген тұрғын аң-таң болды. Ол асфальт орнына төселген топырақ жаңбырда езіліп, көліктер белшеден балшыққа бататынын айтып отыр. Әлеуметтік желіде тараған бұл видеоны көргендер де таңданысын жасырмады. Бұл әдіс жол жөндеу технологиясына сәйкес келе ме, жүргізушілер үшін қауіп тудырмай ма деген көптеген пікір айтылған. Өйткені Алакөл ауданының жолдарын жөндеуге 3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған екен. Жауапты қызметтегілер дәл осы жолға қаржы келер жылы бөлінетінін айтып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: