Елімізде 80-ге жуық клиника лицензиясынан айырылды. Клиникаларды Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті құзырлы органдармен бірлесе тексерген. Сөйтсе, медициналық қызмет көрсету талаптарына мүлдем сай келмейтін ұйымдар жұмыс істеп келген. Әсіресе жеке меншік мекемелер тіпті рұқсат қағазы болмаса да, талапқа сай толық жабдықталмаса да ауырып ем іздеген науқастарға қызмет көрсеткен. Әсіресе Астана қаласы, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында осындай күмәнді клиникалар қаптап кеткен. Осылайша, заңбұзушылықтарға жол берген медициналық мекемелерді лицензиясынан айыру үшін аталған ведомство сотқа өзі жүгінген.
АЙГҮЛ ЫСҚАҚОВА, ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Ең басты бұзушылық секторлары – әсіресе стоматологиялық клиникалар. Сонымен қатар комитет тарапынан түбегейлі шаралар қабылдаудың негізгі себептері келесі жағдайлар жатады: құжаттама мен сертификаттарының болмауы, сонымен қатар міндетті жабдықтандыратын және материалдық техникалық базаның талаптарға сәйкес келмеуі, тиісті рұқсат құжаттарынсыз медициналық қызмет көрсетілуі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
