Жаңа жылдан бастап емханалардағы учаскелік дәрігер мен медбикенің жалақысы 40 пайызға дейін өседі. Денсаулық сақтау министрлігі бұған 137 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Министр Үкіметтегі брифингте қосымша төлемнің тәртібін түсіндірді.
Ақмарал Әлназарованың айтуынша, алғашқы медициналық көмек саласында бір жыл ішінде мамандардың 50 пайызы жұмыс орнын ауыстырады. Жүктеменің көптігі мен еңбекақының мардымсыздығы кадр тұрақтылығына кері әсер етіп отыр. Сондықтан енді учаскелік дәрігерлер мен медбикелерге қосымша ақы төленбек. Оның көлемі еңбек өтіліне және психоэмоционалдық жүктемесіне қарай есептеледі. Министрлік болжамы бойынша, еңбек өтілі жоғары жалпы практика дәрігерінің айлығы ауылда 760 мың теңгеге, қалада 607 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал бейінді мамандардың жалақысы еңбек өтілі мен жұмыс орнына байланысты болады.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
— Жаңа тәсіл 77 мың медицина қызметкерін, бастапқы медико-санитарлық желіде жұмыс жасайтын, меншік иесіне қарамастан, барлық ПМСП-да жұмыс істейтін әріптестерге байланысты. Бұл – жылына орташа есеппен 137 млрд теңгені талап ететін норма.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
