Жолдағы жаңа бақылау. Петропавлда ереже бұзған жүргізушілерді енді автобус анықтайды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қалаішілік қоғамдық көліктердің біріне алғашқы стационарлық модульдік кешен орнатылды. Қырағы камера жылдамдықты асырғандарды бірден тіркеп, тиісті мәліметтерді автоматты түрде полицияға жолдайды. Осылайша, автобус енді жолаушы тасымалдаумен ғана емес, сондай-ақ жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша бұл заңбұзушылықтардың алдын алуға септеседі. Жоба тиімділігін көрсетсе, болашақта мұндай құрылғыларды басқа да автобустарға орнату мәселесі қарастырылады.
Жалпы, жыл басынан бері облыс орталығында 300-ден астам көлік апаты тіркелген. Салдарынан 2 адам мерт болып, тағы 400-ге жуығы түрлі дене жарақатын алған.
АЛТЫНБЕК ЖАМАЛИЕВ, ӘПБ БАСТЫҒЫ:
— Біз екі күн тестілеу жұмысын жүргіздік. Сол кездері 10, 15, 18 бұзушылыққа дейін анықталатын. Ресми қолданысқа берген күннен бастап, бір ғана құқықбұзушылық анықталды. Айта кету керек, бұл жерде басты мақсат айыппұл салу емес. Біздің ең бірінші мақсатымыз – жол-көлік қатысушыларының денсаулығын сақтау…
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
