Алматы тау кластерін дамытуда халықаралық тәжірибе мен өңірдің табиғи ерекшеліктері ескеріледі. Мамандар Жапония, Аустрия, Италия және Францияның тәжірибесін зерттеп жатыр. Әсіресе Жапонияның сейсмикалық қауіпті аймақтарда құрылыс жүргізу, Аустрияның көлік қатынасын ұйымдастыру, ал Францияның тау беткейлеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қар жамылғысын басқару тәжірибесіне ерекше назар аударылуда. Бұл ретте келушілердің қауіпсіздігі мен табиғатты сақтауға аса басымдық беріледі. Жобаның жүзеге асуы таудағы демалысты қолайлы етіп, турист көп шоғырланатын орындарға түсетін жүктемені азайтпақ.
АЛЕКСАНДР РУДЕНКО, «ALMATY TAU MANAGEMENT» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ең алдымен, қазір турист көп баратын Бутаковка және Шымбұлақ тау курортына жүктемені азайтуымыз керек. Әрине, адамға бұл жерлерге баруға тыйым сала алмаймыз. Тыйым салу арқылы мәселені шеше алмаймыз. Сондықтан қала тұрғындары мен қонаққа қай бағытпен жүрген дұрыс, қай жол қауіпсіз әрі қолайлы екенін біртіндеп түсіндіруіміз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, халықаралық тәжірибе біздің жобамыз үшін аса маңызды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
