Тарихи орындарға виртуалды экскурсия ұйымдастыру, балалар шығармашылығын қолдау, ауыл театрларын дамыту және ұлттық дәстүрді дәріптеу. «Әділет» партиясы жанындағы «Miras» республикалық кеңесінің алғашқы отырысында осы мәселелер көтерілді.
Партия мүшелерінің айтуынша, ел дамуы тек экономикалық өзгерістер немесе жаңа технологиялармен шектелмеуі керек. Бұл ретте білім, мәдениет және ұлттық құндылықтың маңызы зор. Жиналғандар адами капиталды дамытудағы руханият рөліне тоқталып, қазақ тілі, әдебиет пен салт-дәстүрге ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты. Жиында «Креативті өңір» және «Ұлттық қолөнер мектебі» жобалары таныстырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
