Ақтөбеде мәдениет саласы қызметкерлеріне Мемлекет басшысының Жолдауы түсіндірілді. Жиында Президент айқындаған негізгі басымдықтарға, алдағы «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы» аясында әлеуметтік нысандарды салу және жаңғырту мәселесіне баса назар аударылды. Бұл қатарда мектеп, аурухана және жолдармен бірге мәдениет нысандары мен кітапхана да бар.

Мәдениет саласының мамандарының айтуынша, соңғы жылдары облыстың ауылдары мен аудан орталықтарында жаңа мәдени нысандар бой көтеріп, ескі ғимараттар жаңғыртылып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: