ЖАСӨСПІРІМДІ САБАДЫ
Өкпесі ісіп кеткен, әрі-бері қозғауға болмайды. Жамбыл облысында мектеп оқушылары төбелесті. Бата тимей, қате тиген жұдырық кесірінен бір жасөспірім ес-түссіз ауруханаға түсті. Полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір мәселенің мән-жайы тергеліп жатыр.

ПАНДУС ЖОҚ
Пандус жоқ, жүріп-тұруға қолайлы жағдай жасалмаған. Елордада тұратын мүгедек жандар арнамызға осылай шағымданды. Түсіру тобы шындыққа көз жеткізу үшін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды аралады. Арнайы көліктің де жағдайымен танысты. Тілші зерттеуін ұсынамыз.

ТЕГІН ДӘРІНІ САТҚАН
Тегін берілетін дәрі-дәрмекті сатып, пайда тапқан. Кінәлілер жауапқа тартылды. Жалпы, Үкімет денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын өсіруге ниетті. Мұны мемлекет басшысы Жолдауда тапсырған болатын. Үстема ақы қанша болады?

АВТОБУСТАҒЫ КАМЕРА
Жол ережесін бұзғандарды енді қоғамдық көліктегі бейнебақылау камерасы анықтайды. Петропавлда автобустарға ақылды жүйе орнатылып жатыр. Жаңа тәсіл арқылы тәртіп сақшылары жол ережесін бұзғандарды тауып, заң жүзінде жазаға тартпақ.

ALATAU CITY: ЖАҢА КЕЛІСІМ
Alatau City ағылшындарды таң қалдырды. Цифрлық жобаға 1,3 миллиард доллар құйылатын болды. Англия төрінде британдық инвесторлармен 9 маңызды келісімге қол қойылып, жаңа қаланың айрықша мәртебесі мен мүмкіндіктері таныстырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: