Ақтөбеде 26 жастағы әйелді Неке сарайында пышақтап өлтірген оның бұрынғы күйеуі – 28 жастағы ер адам. Қайғылы жағдайға ата-ана құқығынан бас тарту мәселесі себеп болған деген болжам айтылды. Азаматтық некеде тұрған жұптың екі баласы бар. Куәгерлердің айтуынша, аяқасты дау туып, соңы кісі өлімімен аяқталды. Енді күдіктінің ғимаратқа пышақпен қалай кіргені көпшілікті алаңдатып отыр. Белгілі болғаны, Неке сарайы Әділет басқармасына тиесілі емес, жалға алынған ғимаратта орналасқан. Сондықтан нысанның қауіпсіздігіне оның иесі жауап береді.
ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Әйел адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қылмыстың себептері мен салдарын анықтауға бағытталған қажетті тергеу жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
