Автобустың соңындағы экстремал. Оралдық оқушылардың қауіпті ермегі қалай аяқталды? №22 автобус нағыз аттракционға айналды. Сегізінші-тоғызыншы сынып оқушылары ақылы автобусқа билет алудың орнына, оның артқы жағына ілініп алып, қала көшелерін аралап шыққан. Жасөспірімдердің бұл трюгі камераға түсіп қалған. Бірақ полицейлер бұл ойынның соңы ата-ананың қалтасына салмақ болатынын түсіндірді. Балаларға тәрбие туралы әңгіме айтылды. Ал әке-шешелері қомақты айыппұл төледі. Осылайша автобустың артына жармасудың ақыры айыппұлмен аяқталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: