Петропавлда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 14 студенті теміреткі жұқтырғаны белгілі болды. Бұған дейін инфекция білім ошағында сегіз адамнан анықталған еді.
Осы жағдайға қатысты эпедимиолог мамандар арнайы тексеріс жүргізіп, аурудың таралу ошағын да анықтады. Белгілі болғандай, науқастардың барлығы жатақхананың бір қабатында тұрған. Сондықтан тығыз байланыста болғандықтан, індет бір-біріне жұққан. Жауаптылардың сөзінше, аурудың өршуін алдын алу үшін жатын орындармен білім беру мекемесінде толық зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Студенттердің барлығы дәрігерлердің бақылауына алынып, ауырғындары ауруханада тиісті ем-дом қабылдады. Ал қауіпті тері ауруының таралуына жол бергендер жауапқа тартылды.
АНАРА ҚҰРҒЫНБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ СЭББ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Инфекция алғашында ауданнан келген студенттен анықталды. Оған індет үй жануарынан жұққан. Оқу жылы басталған кезде медицина қызметкері жастарды жатақханада тексермегені расталды. Мұндай олқылыққа жол берілген маман әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 43 210 теңге көлемінде айыппұл салынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
