Ташкенттегі жаппай улану. Зардап шеккен балалар елге қайтарыла бастады.
Айта кетейік, Өзбекстанда өткен «Dostlik Cup 2026» халықаралық турниріне барған жас футболшылар іші ауырып, құса бастаған. 20 адам медициналық көмекке жүгініп, 18 отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлердің көмегімен науқастың бір бөлігі емделіп шықса, 8 адам Ташкентте емін жалғастырып жатыр. Өзіне-өзі келген 13 азамат Қазақстанға қайтарылып, Қарағанды облысында медициналық тексеруден өтуде.
Оқиғаға байланысты Ташкент қаласының прокуратурасы санитариялық заңнама талаптарын бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, зертханалық талдау жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
