Құрылыс материалының 73%-ы елімізде өндіріледі. Алдағы жылдары осы отандық өнім үлесін 80%-дан асыру көзделіп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауында берілген міндеттер аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері бойынша өткен баспасөз мәслихатында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев осылай мәлімдеді. Ол цемент, бетон, темірбетон және гипсокартон бойынша ішкі нарық толық қамтылып отырғанын, сонымен қатар сұранысқа ие өнімдер бойынша жаңа зауыттар ашылып жатқанын атап өтті.
ЕРСАЙЫН НАҒАСБАЕВ, ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МИНИСТРІ:
— Иә біз білеміз, әлі өткір мәселе бар. Жыл соңына дейін 45 жаңа жоба іске қосылады. Мысалы, Қызылорда облысында испандық Roca компаниясы санитарлық керамика өндіретін зауыт салып жатыр. Бұл – Қазақстандағы алғашқы зауыт. Қарағандыда облысында клинкер плиткасын өндіретін QAZCLINKER, жылу материалдарын шығараты «ТехноНИКОЛЬ» жобасы жүзеге асырылып, зауытын салып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: