Жетісу облысының Текелі қаласында экскаватор баланы басып кетті. Жүргізуші қиылыстан жаяу жүргіншілер жолағымен келе жатқан 11 жастағы оқушыны қағып өтті. Қатты соққыдан жүргінші сол мезетте қаза тапты. Полиция жүргізушіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: