Сирек құс шетел асып кете жаздады. 11 ителгіні Түркістан облысындағы «Целинный» өткізу бекетінде ұлттық қауіпсіздік комитеті тәркіледі.
Ителгі – Қызыл кітапқа енген жыртқыш. Қолға тез үйренеді. Саятшылықпен айналысатындар арасында сұранысқа ие. Наурыз бен мамырда жұмыртқалайды. Қара нарықтағы құны орта есеппен 9 миллионнан асады. Ойлап көріңіз, 11 ителгінің бағасы шамамаен 100 миллионға жетеді деген сөз. Құс сату, елден заңсыз әкетуге жасалған бұл алғашқы әрекет емес. 2022 жылы Жамбыл облысынан Қырғызстанға 9 ителгі алып өтпек болғандар да қолға түсті. Қазір іс құзырлы органдарға жолданды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: